Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік рәміздері бар. Олар: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран көрінеді. Күн және қыран бейнесі алтын түсті. Тудың сол жағында ұлттық өрнек бар. Авторы: Шәкен Ниязбеков.
Елтаңбамызда шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның авторлары: Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Мемлекетіміздің Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін – Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, әнін – Шәмші Қалдаяқов жазған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досыңдай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
-
- Туған жерім менің — Қазақстаным!